2024 жылдың 29 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің №1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: бірлескен ойындарды қолдану арқылы қарым-қатынаста және әлеуметтік өзара әрекеттесуде қиындықтары бар балаларды әлеуметтендіруде арнайы және инклюзивті білім беру педагогтарының құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында психолог мамандар №1 ППТК деңгейінде жүзеге асырылған жоба мақсаты және нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасу жүргізді. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының 86 маманы белсене қатысты.
Пікір жоқ
63 қаралды
Авторы: kppk1bilim
Қосылды: 01.03.2024 в 18:11