Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

№1 ППТК ТАРИХЫ

"№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті " КММ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі №107-463 қаулысымен ашылды.

Кабинет қызметінің жалпы тұжырымдамасы көмекті ұйымдастырудың мынадай қағидаттарын көздейді:

  • 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық санаттарына педагогикалық түзету көмегін көрсету;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге түзету көмегін көрсетуге кешенді көзқарас;
  • түзету-педагогикалық көмек процесін шектік дараландыру;
  • ата-аналарды түзету-дамыту процесіне тарту;
  • балалардың психофизикалық дамуы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және басшылық ету.

Балаларды ППТК-ға жіберу және қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК-ның қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-ға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

ПМПК қорытындысы негізінде ППТК психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді:

  • есту қабілетінде бұзылыстары бар;
  • сөйлеу тілінде бұзылыстары бар;
  • тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар;
  • зерде бұзылыстары бар;
  • сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
  • психикалық дамуы тежелген;
  • эмоциялық-ерік аясында және мінез-құлқында бұзылыстары бар.

Жеке және топтық түзету сабақтарын мына мамандар өткізеді:

  • Сурдопедагог-мұғалім
  • Логопед-мұғалім
  • Дефектолог-мұғалім
  • Педагог-психолог
  • АФК мұғалімі
  • Музыкалық жетекші
  • Әлеуметтік педагог

2014 жылдан бастап кабинетте ата-аналарға арналған "Пойми меня"клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар ата-аналар тобы балалармен жұмыс жасауға қажетті заттарды өз қолымен жасайтын "Жақсы істер шеберханасы" шығармашылық достастығын құрды.

"№1 Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директоры Амрина Бахыт Бекболатовна

№1 ППТК жұмысының он жылдығына арналған "Жүрекпен сезіну" фестивалі

Choose Color