Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

Ерте жастан көмек көрсету

Ерте жастан көмек көрсету  0-ден 3 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамтиды:

  • есту қабілеті бұзылған;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған;
  • сөйлеу;
  • интеллект бұзылыстары бар;
  • эмоциялық-ерік аясының бұзылуымен.

Балалар мен олардың отбасыларына ерте көмек көрсету – ЕББҚ бар балалар мен олардың отбасыларына пәнаралық негізде көрсетілетін және балалардың дене және психикалық дамуына, олардың табиғи өмірлік жағдайларға тартылуына жәрдемдесуге, балалар мен ата-аналардың жағымды өзара іс-қимылы мен қатынастарын қалыптастыруға, балаларды құрдастарының ортасына енгізуге және олардың қоғамға кірігуіне, сондай-ақ ата-аналар мен баланы тікелей күтетін басқа да адамдардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған қызметтер кешені.

Ерте көмек көрсету қызметін алу реттілігі
  1. Ерте көмек алу реті..

Ерте көмек тобына ПМПК қорытындысы негізінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі ЕББҚ бар балалар қабылданады.:

1) көру қабілеті бұзылған балалар;

2) есту қабілеті бұзылған балалар;

3) сөйлеу қабілеті бұзылған балалар;

4) сөйлеу дамуы тежелген балалар;

5) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

6) интеллекті бұзылған балалар;

7) психикалық дамуы тежелген балалар;

8) эмоциялық-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған балалар.

Балаларды ерте көмек тобына қабылдау үшін: ата-аналардың (заңды өкілдерінің) өтініші, ПМПК қорытындысы негіз болып табылады.

Баланың ерте көмек тобында болу мерзімі мамандардың пәнаралық бағалауымен анықталады.

Ерте көмек тобының жұмыс режимі мекеменің Жарғысымен және мекеме мен ата-аналар (заңды өкілдер) арасында жасалған шартпен айқындалады.

Балаларды қабылдау ата-аналардың түзету-дамыту процесіне міндетті түрде бірлесіп қатысуы жағдайында жүзеге асырылады.

Топтар бұзушылықтар бойынша және даму деңгейлері бойынша жинақталады. Топтар саны ерте жастағы ЕББҚ бар балалардың санымен және түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы жағдайлардың болуымен анықталады.

Әрбір топқа негізгі бұзушылыққа сәйкес мамандар қатарынан үйлестіруші бекітіледі.

Ерте көмек тобы мамандарының жеке жұмысы:

- балалармен -15 минут және аптасына бір реттен кем емес жүргізіледі;

Ерте көмек тобындағы мамандардың топтық жұмысы:

- балалармен-60-90 минут және аптасына бір реттен кем емес жүргізіледі.

Топтардың толымдылығы:

  • даму бұзылыстары бар - 6-8 бала;
  • дамуында күрделі бұзылыстары бар - 2-4 бала.

Диагностикалық тексеру
  1. Диагностикалық бағыт. Баланы тексеру, оның даму ерекшеліктерін және ерте көмекке қажеттілігін анықтау, сондай-ақ отбасының қажеттіліктері мен ресурстарын зерделеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру.

Түзету-дамыту оқыту
  1. Түзету-дамыту бағыты. Пәнаралық қарым - қатынас негізінде ерте жастағы балалармен жұмыс жасауда түзету-дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру. Бала мен отбасын ерте көмек көрсету және алып жүрудің түзету – дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңіндегі қызметтер:
  • бала мен отбасын ерте көмек көрсету және алып жүрудің түзету – дамыту бағдарламасын іске асыруды үйлестіру және сүйемелдеу;
  • отбасы мүшелеріне кеңес беру және оқыту;
  • балаға және отбасына психологиялық көмек;
  • баланың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
  • баланың сөйлеу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
  • қозғалыс белсенділігінің дамуы;
  • қосалқы технологиялар мен жабдықтарды пайдалану;
  • баланың дамуын қолдау;
  • балалардың оң қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде бос уақыт саласында әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
  • ерте көмек бағдарламасын аяқтау кезеңінде баланы алып жүру және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымға баланың түсуі бойынша қызмет.

"№1 Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" КММ директоры Амрина Бахыт Бекболатовна

№1 ППТК жұмысының он жылдығына арналған "Жүрекпен сезіну" фестивалі

Choose Color