Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 23-24 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің №2 және №3 арнайы мектептерінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында республикалық семинар-практикум өткізді. Сонымен қатар №1 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ –нің педагогтері де өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда осы мекеменің директоры Амрина Б.Б. психология-педагогикалық түзеу кабинеті қызметінің негіздері, Астана қаласындағы №1 ППТК-нің ашылу тарихы туралы әңгімеледі. №1 ППТК бөлім әдіскері, мұғалім-дефектолог Каражигитова Г.Т. сензитивті кезеңдер, балалардың жас нормалары және педагогика- психологиялық түзету кабинетінде мұғалімдердің қызметін ұйымдастыру туралы айтты. Психологтар метафорикалық карталарды пайдалану арқылы тренинг өткізді, сонымен қатар тыңдаушыларға мүмкіндігі шектеулі балалармен жасауға болатын нейропсихологиялық жаттығуларды ұсынды.