5 қазан ұстаздар күні мерекесі аясында әріптесіміз көп жылдық тәжірибесі бар пеагог-логопед Алимгожина Анаргуль Миллатовна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды. Жемісті ұстаздық дара жолында Анаргуль Миллатовна елордада және жалпы республикада арнайы білім беру саласының дамуына зор үлес қосты. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи инновациялық технологияларын жетік меңгерген шығармашыл ұстаз, тәлімгер, білікті ұйымдастырушы. Өз тәжірибесін республика көлемінде жинақтап, қазіргі танда жас мамандарға жол көрсетер көшбасшы.
№1 ППТК ұжымы Анаргуль Миллатовнанылайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!!!