Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

Тренинг: "Психические процессы: виды и краткая характеристика"


Желтоқсан айының 6-жұлдызында Астана қаласының №1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің педагог-психологтар бірлестігі жоспарға сәйкес №2 педогикалық кеңесте “Мамандардың эмоционалдық жануының алдын-алу” тақырыбында психологилық тренинг өткізді. Тренинг барысында мамандардың қатысуымен бірнеше ойын түрлері өткізілді. Атап айтар болсақ, мамандар «Жылулық және махаббат шеңберіне” жиналып, бір-біріне ыстық ықыластарын айта отырып, сый-сыяпат, ізгі тілектерімен бөлісті. Сонымен қатар, педагог-психологтар бірлестігі “Психологиялық үдерістер және олардың түрлері” тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында психологиялық үдерістер есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерінің түрлеріне тоқталып, оларды дамытуға арналған түзете-дамыту жұмыстарына қажетті ойын түрлері ұсынылды. Семинар нәтижесінде мамандар бекіту сұрақтарын талдап, тақырыпты қорытындылады.


Пікір жоқ
173 қаралды
Авторы: amangeldy.yelkhan
Қосылды: 09.04.2023 в 02:59

Choose Color