Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

«Зерде» логопедиялық құрылғысы

«Зерде» логопедиялық құрылғысы мемлекеттік тілде «ДэльфаМ» кәсіпорнының қолдауымен жарыққа шықты


2021 ж. 21 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының №1 психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті қабырғасында Республикалық деңгейде Zoom платформасы арқылы «Зерде» логопедиялық құрылғысымен көпшілікті таныстыру вебинары өтті. Құрылғы мемлекеттік тілде  «ДэльфаМ» кәсіпорнының  қолдауымен жарыққа шықты.  Тыңдармандар авторлармен жүздесіп «Зерде» компьютерлік бағдарламасы туралы мағлұмат алды.

Дефектология кафедрасының  доценті, өнертану ғылымының кандидаты, «Дэльфа М» кәсіпорнының генералдық директорының орынбасары Меньков Алексей Борисович Қазақстан Республикасы арнайы педагогика саласының мамандарын «Зерде» - ерекше білім берудегі қажеттілігі бар балаларға арналған «Дэльфа-142.1» логопедиялық құрылғының қазақша модификациясының шығуымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Амрина Бахыт Бекболатовна «Зерде» қазақ тіліндегі модификациясының шығу тарихы мен мүмкіндіктерін ашып айтса, Алимгожина Анаргуль Миллатовна құрылғымен жұмыс істеуді, жаттығулар түрлері және дамыту бағыттарын атап өтіп, жұмыс барысынан үзінді көрсетті. «Зерде» логопедиялық құрылғысы қызығы мен қиындығы мол түзете дамыту жұмыстарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, нәтижелі жетістіктерге жетуге өз көмегін тигізеді деп сенеміз.


Пікір жоқ
198 қаралды
Авторы: amangeldy.yelkhan
Қосылды: 09.04.2023 в 01:49

Choose Color