Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ» КММ


+7(7172)27-19-49

«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында ерте жастағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» атты қалалық семинар-практикум

«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында ерте жастағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» атты қалалық семинар-практикум өткізілді.


Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында 0 жастан 3 жасқа дейін ерте көмек көрсету қызметі бойынша педагогтардың білімін кеңейту  мақсатында 2019 жылғы 21 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы  Есіл ауданы  «№ 77 мектеп-гимназия» базасында «№ 1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ және Білім беруді жаңғырту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жағдайында ерте жастағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»  атты қалалық  семинар-практикум өтті.

Бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беру бөлімінің директоры С.В.Исмагулова, «Дара» қорының жобалар мен бағдарламалар менеджері М.С.Шешембекова ат салысты, біліктілігін артырып, тәжірибе алмасу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары, Оңалту орталықтары және балабақшаларынан - 53 маман қатысты.

Семинар барысында Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс логопед-мұғалім және медицина ғылымының кандидаты Т.С.Джаниева ерте көмек көрсету бойынша мамандар өз білімдерін жетілдіруге мән беру, ата-аналармен бірге баланың даму жетістігін арттыру мақсатында бірге жұмыс жасау, психологиялық-педагогикалық кабинетінің жағдайында осындай жобалар қолға алынып, әрі қарай қойылған мақсаттарға жүйелі түрде қол жеткізу туралы ұсынымдар берді. Сондай-ақ, практикалық жұмыс кезеңінде педагогтар ерте жастағы балалардың дағдыларын қалыптастыру туралы және жеке даму бағдарламалары құру бойынша білімдерін толықтырды. Соңында әр қатысушыға әрі қарай жұмыс істеуге арналған үлестірмелі материалдар таратылды.

Семинар-практикумның жұмыс нәтижесіне барлық қатысушылар ризашылығын білдірді.


Пікір жоқ
216 қаралды
Авторы: amangeldy.yelkhan
Қосылды: 05.04.2023 в 00:49

Choose Color